Ұлытауда төрт баланың анасын өлтіріп кетті

Ұлытауда төрт баланың анасын өлтіріп кетті
gov.kz

Ұлытау облысында әйел адамды асқан қатыгездікпен өлтіріп кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның артында төрт баласы қалды. Полиция мәліметінше, күдікті – оның 33 жастағы бірге тұратын азаматы.

Қылмыстан кейін ер адам өзіне зиян келтіруге әрекет жасап, қазір ауруханада жатыр.

«Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде тәулік бойы күзетпен жатыр», – деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Сот күдіктіні қамауға алуға санкциялаған. Емделіп шыққаннан кейін ол тергеу изоляторына жіберіледі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.