Жұртшылық асыға күткен өнер ордасының салтанатты ашылуына аудан әкімі Алмас Абдинов арнайы қатысып, ауыл халқын қос қуаныштарымен құттықтап, нысанның құрылыс жұмыстарына демеушілік көрсеткен аудан жанашыры, меценат, «ZHERSU» инвестициялық – өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Кенесбекұлы Оспановқа алғысын білдірді.
Сондай – ақ, ауыл тұрғандары атынан қаңқасы қалаңған ғимараттың абаттандыру жұмыстарына көмек көрсеткен жеке кәсіпкер Асқар Себеповке ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Мамырбеков шапан жауып, Күміс Нүсіповаға ризашылығын жеткізді.
Айта кетерлігі, бір қабатты 90 орындық клубқа көрермендер залы мен жас бүлдіршіндерге арналған үйірме сабақтарын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда мекемеге 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Шара соңында азаматтар наурыз көжеден дәм татып, аламан бәйге мен қой көтеру сайыстарын тамашалады.
К.Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы