Ұлыбританиялық компания қазақстандық экс-вице-премьерге 64 мың доллар төлейді

Dalanews 26 қаң. 2024 05:13 1042



Бұған дейін Jusan Bank-ке басшылық еткен ұлыбританиялық Jensen Technologies компаниясы басылымдармен соттасу нәтижесінде Қазақстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Ербол Орынбаевқа 64 мың доллар төлейтін болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.




Деректерге сүйенсек, Jusan Technologies компаниясы экс-Президент Назарбаевтың қорларына байланысы туралы жазылған БАҚ бетіндегі мақалалары үшін "жала жапты" деп айыппен 2022 жылдың басында The Telegraph пен openDemocracy басылымын сотқа берген болатын. Екі жыл бұрын басталған сот ісі биыл қаңтарда ғана нәтижесін берді.

Ал Jusan Technologies компаниясының 2021 жылғы есебінде бұл компания қазақстандық банктерді және жалпы құны 8 миллиард долларға жететін басқа активтерді бақылайтыны жазылған. Сол 2021 жылы Jusan Technologies Назарбаев құрған қайырымдылық қорын АҚШ-та орналасқан қайырымдылық ұйымына ауыстырды.

Ербол Орынбаевқа директор қызметін атқарған 2022 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығындағы мақалалардан шығынды азайту жөніндегі жұмысы үшін 64 мың доллар төленді.

Айта кетейік, Ербол Орынбаев 2007-2013 жылдары премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Ал Jusan Technologies-тегі үлесін 2022 жылдың мамырына дейін иеленді.


Сурет: flickr.com

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар