Ұлыбританияда король Карл III-нің інісі, бұрынғы ханзада Эндрю Маунтбеттен-Виндзор ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Полиция Эндрюді мемлекеттік лауазымдарда жүрген кезеңінде қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алған. Шағымда бұрынғы ханзада америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнге құпия материалдар берген болуы мүмкін екені айтылады.
АҚШ-та жарияланған құжаттарға сәйкес, Эндрю Эпштейнге Сингапур, Гонконг және Вьетнамға жасаған сапарлары туралы есептерді, сондай-ақ инвестициялық мүмкіндіктерге қатысты мәліметтерді жолдап отырған деген дерек бар.
Еске салайық, АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди кәмелетке толмағандарды жыныстық қанауға қатысты айып тағылған қаржыгер Джеффри Эпштейн ісі бойынша материалдарда аталған 300 танымал адам мен саясаткердің аты-жөні көрсетілген тізімді жариялады. Тиісті хат АҚШ Конгресінің басшылығына жолданған.
