Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот отырысы 24 тамыз, дүйсенбіде сағат 10:00-де өтуі керек болған.
Алайда техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылған.
Келесі сот отырысының нақты күні, уақыты, өтетін орны туралы қосымша хабарланады.