Қазақстанда ЛГБТК өкілдеріне арналған жаңа сайт ашылды. Мұнда қазақ және орыс тілінде ақпараттар ұсынылған.
Жыныстық азшылық өкілдеріне арналған портал Selftanu.kz атауына ие.
Тәуелсіз кеңістікте гейлер, лесбилер мен бисексуалдар (ЛГБТ) кез келген сұрағына жауап таба алады. Себебі сайт әртүрлі мақаланы қамтиды.
Мәселен, “Бағдарым жайлы ойланып жүрмін”, “Ұл немесе қыз екеніме күмәнім бар”, “Досым ЛГБТК адам сияқты”, Ата-ана мен мұғалім үшін”, “Өзгелердің қасында өзімді қалай ұстаймын” деген сынды тақырыптар төңірегінде ақпараттар берілген. Ал әр тақырыпшаның ішінде жеке-жеке сұрақтардың жауабы қарастырылған.
Қазіргі таңда ЛГБТ қауымдастығы дәріптейтін әрекеттер басылмай тұр. Бейресми статистикаға сүйенсек, елімізде халықтың 10 %-ын ЛГБТ өкілдері құрайды-мыс.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталмыш мәселені мәжіліс депутаты Ардақ Назаров көтерген еді. Оның айтуынша, қазір гомосексуализм ірі мегаполистердің жеке меншік мектептерінде қарқынды насихатталып жатыр. Бұл өз кезегінде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жоюды көздейді.