Бұл жөнінде Reuters агенттігі Украина президентінің ресми сайтта жариялаған видео үндеуіне сілтеме жасап хабарлады.
"Америка үні" радиосының хабарлауынша, орыс әскерінің Украинаға қарай жылжуы Киев мен Батыс елдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. Олар Украинаға басып кіру қауіпі бар деп болжайды.
Мәскеу болса бұл болжамды арандатушылық деп бағалап, аймақта НАТО әскерінің көбейгеніне қарсы дайындық деп мәлімдеді.
3 қарашада Украинаның қорғаныс министрлігі шекарада шамамен 90 мың орыс әскері бар деп хабарлаған.