Украина Wildberries қоймаларына түнімен бірнеше соққы жасады

Украина Wildberries қоймаларына түнімен бірнеше соққы жасады
Tatyana Makeyeva/AFP

Украина шабуылдарынан кейін Wildberries қоймаларының шамамен 10%-ы зардап шекті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Украина қарулы күштерінің шабуылдары салдарынан Wildberries компаниясының шамамен 552 мың шаршы метр қоймасы зардап шекті. Бұл компанияның жалпы логистикалық инфрақұрылымының шамамен 10%-ына тең.

24 шілдеге қараған түні Украина дрондары Ресейдің бірнеше өңіріндегі Wildberries логистикалық орталықтарына шабуыл жасады. 

Мәліметке сүйенсек, шабуыл Санкт-Петербург, Тверь және Қырымдағы логистикалық нысандарға бағытталған. Санкт-Петербургте болған жарылыстан кейін ірі өрт шыққаны хабарланды.

Бұл - кейінгі бір апта ішінде Украина тарапынан Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған бесінші шабуыл.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайлар компанияның логистикасына әсер етіп, тауар жеткізу мерзімі ұзаруына себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, нарық сарапшыларының пікірінше, Wildberries үшін жаңа қойма салғаннан гөрі зақымданған нысандарды қалпына келтіру тиімдірек болмақ.