9 маусым күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 05:30-да Балашиха қаласында Авиаторлар шағынауданындағы Колдуново көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жанында BMW X3 автокөлігі жарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жарылыс салдарынан көлік жүргізушісі көптеген жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Көліктің жарылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.
Бірнеше дереккөздің мәліметінше, теракт салдарынан қаза тапқан адам – Әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, Бас штаб бастығы, генерал-полковник Александр Максимцев.
Авиаторлар шағынауданында жоғары лауазымды әскери қызметкерлер де тұрады. Жарылыс болған үй 2025 жылдың сәуірінде Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас жедел басқармасы бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Ярослав Москаликтің көлігі жарылған үйден шамамен 350 метр жерде орналасқан.
Ол кезде Москалик оқиға орнында қаза тапқан еді.