Үкіметтегі орысқұл шенеуніктерден арылуымыз қажет

Dalanews 29 мау. 2016 07:40 1001

Қазақстандағы ресми тілдің салтанат құруына ықпал етіп отырған Путиннен құтыла алмаймыз.

Есесіне, үкіметтегі, түрлі билік органдарындағы ресейшіл шенеуніктерден арылуымыз қажет. Мен негізгі министрліктердің тізгінін ауылда туған, шаңның арасынан шыққан, әжесінің тәрбиесін көрген, түсін қазақша көретін азаматтар ұстаса деп армандаймын. Қоғам осы пікірді қалыптастырып, биліктен талап етуі керек.

Егер де Елбасы «Қазақша білмейтін министрді қабылдамаймын!» деп жарлық шығарса, 25 жылдан бері мемлекеттік тілді үйренбеген шенділер бір айдың ішінде қазақша сайрап қоя берер еді.

Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер


“Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы”


деген тақырыпта өткен қоғамдық талқылауда сөйлеген сөзі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар