Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір отбасының төрт мүшесін өлтіру ісі бойынша резонансты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот отырысында Сәрсемәлиев қылмысқа не себеп болғанын түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, оның қайын жұрты өміріне араласып, отбасының шырқын бұзған. Сондай-ақ балаларын өзінен алыстатып, жақындарының өміріне ықпал еткенін айтты.