Тимур Құлыбаев кеткен компанияда жаңа тағайындаулар болды

Көркем Алдабергенова 23 қыр. 2024 14:46 2611

Тимур Құлыбаевқа тиесілі болған "Шұбаркөл Премиум" АҚ компаниясында директорлар кеңесі ауысты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Шұбаркөл Премиум" АҚ жалпы жиналысы компанияның директорлар кеңесіне Бауыржан Райымбеков - төраға және тәуелсіз директор, Нұрлан Мәжен және Директорлар кеңесінің мүшелері: Анет Шыныбыев, Аблимит Рахматулаев, Дінмұхамед Мүсіралиев сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

Бұрынғы "Шұбаркөл Премиум" директорлар кеңесі құрамында: Луиза Ақанова, Елдос Райжанов, Эльдар Байболов, Еран Упушев, Ермек Баймұханов алынып тасталды.

1 шілдедегі жағдай бойынша,"Шұбаркөл Премиум" АҚ-ның 67 пайызы Тимур Құлыбаев бақылайтын "Joint Resources" АҚ компаниясына тиесілі болған.

Бұған дейін кәсіпкер Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов "Шұбаркөл премиум" компаниясының 10 пайыз үлесін сатып алғанын хабарлаған едік. Бұл компанияны бірнеше иесі бөліп басқарып отырған, оның ішінде Тимур Құлыбаев та бар. 

Акционерлер құрамындағы өзгеріс 13 қыркүйекте болған. Компания иелері тізімінен үш адам шығарылған. Біріншісі Joint Resources АҚ - Тимур Құлыбаевтың компаниясы, ол 67 пайыз акцияның иесі болған. Екіншісі Joint Resources ЖШС - Құлыбаевтардың серіктесі Раушан Сагдиеваның компаниясы және Trans Coal Investment Group ЖШС. 

Компания басшылығы не үшін ауысқаны және орнына Рақышев пен Ибрагимов не үшін келгені әзірге белгісіз. 

"Шұбаркөл Премиум" - көмір өндіруші компания, Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында орналасқан.

Айта кетейік, форбс деректері бойынша, Кеңес Рақышев 75 ең бай қазақстандықтың ішінде 19-орында. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар