Танымал әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатовтың туған жері – Ақпәтер ауылында жаңа мешіт салынып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы TikTok желісінде Нұрбек Досқазиев есімді қолданушы хабарлаған. Оның айтуынша, 20-30 адамға арналған құлшылық орнын Тұрсынбек Қабатов өз қаражатына тұрғызып жатыр.
"Тұрсынбек Қабатовты біреулер жақсы дейді, біреулер жаман дейді. Қалай десек те, Тұрсынбек өз ауылына осындай игі жұмыс жасап жатыр. Осы мешітке бес адам барса, сол бес адам өзімен тағы бес адам ертіп келеді. Алла қаласа, осы мешіт арқылы ауылымызға иманды адамдарды әкелсе екен", – деді видео авторы.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл бастамаға қатысты түрлі пікір білдірген. Бір бөлігі өнер иесіне алғысын айтып, игі ісіне қолдау көрсетсе, енді бірі ауылға мешіттен гөрі мектеп салу маңызды деген пікір қалдырған.
Әзірге Тұрсынбек Қабатовтың өзі мешіт құрылысына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.