Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай шағын футболдан халықаралық турнир өтеді
Осыған орай, бар өмірін қазақ әдебиеті сынын зерттеу мен Алаш арыстарын жоқтауға арнаған білгір ғалым, ұлағатты ұстаз Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығында шағын футболдан турнир ұйымдастырудағы мақсатымыз – дүниенің төрт бұрышында жүрген қазақ жастарының өзара жақын қарым-қатынас орнатуына үлес қосу және олардың туған отаны Қазақстанға деген сүйіспеншілігін еселей түсу. Жүлде қоры 2 млн теңге болатын турнирге Франция, Германия, Түркия, Иран, Ресей, Монғолия, Қытай және Өзбекстанда тұратын қандастарымыз және еліміздің әр облысынан қазақ жастары қатысады.