Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футбол клубына екі көлік сыйлады

Сағыныш Сардарова 11 қаз. 2025 20:46

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футбол клубына екі көлік сыйлады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Әлеуметтік желіде кәсіпкер алматылық футбол клубына екі шағын автобус сыйға тартқаны көрінетін видео тарады.

"Баян апайдың үйіндегі жездеміз, Макси шәйдың қожайыны Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футбол клубына екі шағын автобус сыйға тартыпты", - делінген жазбада.

"Құтымен болсын!" - деді желідегілер.

Бұған дейін Тұрсын Алагөзов "Қайрат" "Реал Мадридті" жеңсе, клубтың ойыншыларына бір-бір көлік сыйлайтынын айтты.

Айта кетейік, "Қайрат" "Реал Мадридпен" 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда кездесті. Кездесу "Реалдың" пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар