Түрме Үсеновтер үшін салынбаған...

Dalanews 18 сәу. 2017 05:59 773

 

Атышулы Үсенов түрмеден мерзімінен бұрын рақымшылыққа ілініп, босап шықты. Бұл қай Үсенов дейсіз ғой. Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Үсенов. Сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айыппен сотталған "Астана ЭКСПО-2017" Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов туралы не айтуға болады өзі. Біздің Заң үсеновтер үшін жұмыс істейді.

Үсеновті елге танытқан оның ұлы Мақсат Үсенов болатын. Қымбат көлігімен адам қағып өлтіріп, жазадан ерте құтылған кеткен болатын. Мұндай сенсациялық оқиға тек біздің елде ғана болады деп бүкіл ақпарат құралдары шулаған еді сол кезде.

Сөйтсек, жазадан ерте құтылу Үсеновтердің кәнігі ісі екен. Міне, әкесі де миллиондаған қаржы (аз емес, 200 миллион теңге) жымқырғанына қарамай, "аса ыждағатты тәртібі" үшін түрмеден ерте шықты... Естуімізше, тергеу және сот кезінде "өзінің кінәсін елден бұрын мойындап, тергеу жұмысына айрықша көмектескен". Енді сол "еңбегі" үшін "құрметке" бөленіп отыр. Не дейміз, бұл біздің Қазақстан! Рақымшылыққа мейлінше берілгіш заңымыздың арқасында ОЛАР түрмеден ерте босайды. Айтпақшы, осы Үсенов өзі түрмеде отырды ма, әлде жай ғана түрмедегілердің тізімінде тұрды ма?.. Негізі, түрме үсеновтер үшін салынбаған. Ол жерде "шын қылмыскерлер" ғана отырады.

Мұнымен қоса, кезінде жемқорлықпен ұсталған Ауылшаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев те рақымшылыққа ілігіпті. Бұл шенді де тұтқындылғанда өзінің кінәсін мойындамаған болатын. Кейін "жаздым, жаңылдым" деген. Сол кездегі ауылшаруашылық министр Асылжан Мамытбеков "егер оның пара алғаны дәлелденсе, өз еркіммен жұмыстан кетемін" деп уәде беріп, кейін сөзінен тайқып шыққаны есте қалыпты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар