Түркияның тағы бір ұшағы апатқа ұшырады

Сағыныш Сардарова 14 қар. 2025 09:18

Түркияның тағы бір ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы Хорватияда байланыс үзілген түрік өрт сөндіру ұшағының сынықтары табылғанын хабарлады. Ұшқыш қаза тапқан.

Министрліктің мәліметінше, техникалық қызмет көрсету үшін Хорватияға екі AT802 өртке қарсы ұшағы ұшқан. Алайда олардың бірі біраз уақыттан кейін радардан жоғалып кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Грузияда Түркияның әскери ұшағы апатқа ұшырады. Әскери ұшақ бортында 20 адам болған.

Олар қаза тапты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар