Түркиялық компания Абай облысында алтын өндіруге 480 млн доллар инвестиция құяды

Қаракөз Амантай 17 сәу. 2026 12:18

Абай облысында жаңа алтын өндіру жобасы жүзеге аспақ. Түркиялық Miryıldız Mining компаниясы Семей қаласынан шамамен 100 шақырым қашықта орналасқан Жанан кен орнын игеруге кірісуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоба аясында инвестор байыту фабрикасын тұрғызу, кен орнын толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және өзге де перспективалы учаскелерде барлау жұмыстарын жүргізу үшін 480 миллион доллар (шамамен 255 млрд теңге) бағыттамақ.

Алдын ала деректерге сәйкес, Жанан кен орнындағы алтын қоры 750 мың унциядан асады, бұл 23 тоннадан көп көлемге тең. Компания жүргізген қосымша бұрғылау нәтижелері бұрынғы геологиялық мәліметтердің расталғанын көрсетті.

Жоба толық іске қосылған кезде мұнда 1300-ден 1800-ге дейін адам жұмыспен қамтылмақ. Мамандардың басым бөлігі жергілікті кадрлардан жасақталады. Қазіргі уақытта кен орнындағы далалық лагерьде 150-ге жуық қызметкер жұмыс істеп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove