Түркиялық әуекомпанияның Instagram парақшасында қазақстандық саяхатшының видеосы жарияланды

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2025 09:09

Turkish Airlines әуекомпаниясының 2 млннан аса оқырманы бар Instagram парақшасында қазақстандық саяхатшы Дастан Мұхамедрахымның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеоға 110 мыңнан аса лүпіл, 10 мыңнан аса пікір жиналған. Қазақстандық желі қолданушылары жазба астына белсенді пікір қалдырып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін 600 млн оқырманы бар Instagram-ның ресми парақшасы Қазақстан туралы видео жариялады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар