Түркия Зеленскийге оқтан қорғайтын дулыға мен сауыт жасап берді

Dalanews 25 сәу. 2022 05:32 917

Күні кеше ғана Түркияның Йозгата қаласындағы Garanti Kompozit комапниясында өндірілген балестикалық дулыға мен оқ өткізбейтін сауыт Украина жеткізілді. 20 пар дулыға мен саутты Владимир Зеленский мен оның командасы жұмыс барысында киіп жүретін болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Бүгінде Түркия әскери қару-жарақ шығаруда дүниежүзіндегі жетекші елдердің біріне айналды. Түрік ағайындар шығарған «Байрақтардың» Таяу Шығыс пен Украинада сынақтан сәтті өтіп, әлемнің назарын аударғаны белгілі. Қазір Түркия қорғаныс жабдықтарын шығару ісінде жолға қойылған.

Түркияның Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк зауытқа арнайы келіп, Garanti Kompozit компаниясы өндірген қорғаныс киімдері Украина президенті мен оның командасын оқ пен жарылыстан қорғайтынын айтты.

Министрдің айтуынша, Түркияда өндірілетін мұндай әскери киімдер дүниежүзінің 50-ден астам еліне экспортталады екен. Өз кезегінде Мұстафа Варанк кәсіпорынның шығарған өнімін сынақтан өткізуге қатысты.


Мамандар дулыға мен сауытты 15 метр жерден 7,62-миллиметрлі оқпен атқан кезде, оқты өткізген жоқ. Мұндай қорғаныс құралдары қарулы қақтығыс кезінде сарбаздарды ажалдан арашалап қалатыны анық.

Өз кезегінде Garanti Kompozit компаниясының басшысы Ведат Тюзер Украина президенті Владимир Зеленскийдің өздеріне сенім артып, тапсырыс бергені зор мәртебе екенін айтты. «Біздің компания 2013 жылдан бері түрік сарбаздарына қажетті сауыттардың 80 пайзын өндіріп келеміз» деді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар