Облысының орталығы Түркістан қаласына көшуі еліміздің қаншалықты дамып, қуатты мемлекетке айналғанын көрсетіп берді. Жалпы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Астананың бой көтеруі, Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшуі сынды құнды тәжірибелер бар. Бірақ бұл бағыттағы жұмыстар бірнеше жылға созылғаны есімізді. Өйткені Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің экономикалық мүмкіндігі қазіргідей жоғары деңгейге болмағаны анық.
Ал облыс орталығын Түркістан облысына бір жылда көшіріп, маңызды әкімшілік ғимараттар мен көптеген тұрғын үйлердің айналасы бір жылдың ішінде салудан Тәуелсіз Қазақстанның қаншалықты қуатты мемлекетке айналғанын анық байқауға болады.
Бүгінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас болуымен еліміздегі ірі құрылыс компаниялары Түркістанды өркендетуге қызығушылық танытуы да үлкен сеп болғанғын айта кетуіміз керек.
Түркістан облыс орталығы ғана емес, туризмнің де орталығына айналады. Қазірдің өзінде Түркістанға жылына 1 миллионнан астам турист келеді. Алдағы жылдары оның көлемі бұдан да артады. Осыған байланысты Түркістан қаласында халықаралық әуе рейстері мен Түркістан-Шымкент, Түркістан-Ташкент жүрдек пойызын ашу қолға алынды.
Нұрлан Әубәкір, журналист7