Түркістаннан Жамбыл облысына гуманитарлық көмек жетті

Dalanews 02 қыр. 2021 09:31 919

Түрістан облысы Мақтаарал ауданынан Жамбыл облысы Байзақ ауданына 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Көмек қолын созуға Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Өргебас, Фердауси ауылдарының тұрғындары және ауданның кәсіпкерлері белсенділік танытты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азық-түлік тиелген жүк көлігі Байзақ ауданына жеткізіліп, жергілікті әкімдік тарапынан ұйымдастырылған орталық қоймаға орналастырылды.

– Өткен жылы Мақтаарал ауданында су тасқыны орын алған кезде ең алғаш болып Жамбыл облысынан көмек келген болатын. Сонымен қатар, барша ел-жұртымыз біздің ауданға тоқтаусыз көмектерін жіберіп отырды. Сондықтан, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орын алған жағдай бойынша үй-күйсіз қалған отандастарымыздың тағдыры бізді алаңдатып, гуманитарлық көмекті алғашқылардың бірі болып алып келуге себепші болды, – деді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Сүндет Кенжебаев.



«Байзақ ауданы, біз біргеміз!» гуманитарлық көмек төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға үлестірілетін болады. Жергілікті жауапты басшылар келген көмектің есебін алып, қиын сәтте қол ұшын созған мақтааралдықтарға алғыстарын білдірді. Зардап шеккен ағайынға дайындалған көмек керуеніне күріш, май, макарон өнімдері, қант, қарақұмық, жеңіл дайындалатын тамақ өнімдері, тәттілер және минералды сусындар тиелген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар