Түркістанда туристерге арналған «Ontustik TourAudio» мобильді қосымшасы әзірленуде

Dalanews 01 қар. 2018 04:00 657

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Әкімнің атап өткеніндей қазіргі таңда Түркістан өңірі мен Қазақстанның киелі жерлері картасына енген нысандар туралы бірнеше тілде арнайы роликтер және «Ontustik TourAudio» мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Одан бөлек, киелі жерлер туралы ақпарат алудың қолжетімділігін, туризм саласының әлеуетін арттыру мақсатында туристердің жиі баратын 35 туристік нысанда QR-кодтар орнатылған екен.

"Күні кеше ғана тарихи шахарымызға миллионыншы турист аяқ басты. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырсақ, 57,2 пайызға өскенін аңғаруға болады. Ал, алдағы межеміз, 2025 жылға қарай қаламызға келетін туристер санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр», – деді бұл ретте Жансейіт Қансейітұлы.


Айта кетсек Елбасы өз сөзінде Түркістан облысының құрылуы рухани жаңғырудың басты, құнды шешімдерінің бірі екеніне  тоқталып, Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру қажеттігі туралы нақты міндет қойған болатын.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша осы тапсырманы орындау мақсатында облыстағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштер бойынша 21 бағытта туристік маршруттар ашылған.  Одан бөлек, Түркістан қаласы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің жинағы басылатын болады. Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени сәулеттік және археология ескерткіштерінің фотоальбомы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалынып, «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар жинағы»  мен «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері»  кітабы жарық көрді.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар