Түркістанда тоғыз айлық сәби екі батарейка жұтып қойған

Түркістанда тоғыз айлық сәби екі батарейка жұтып қойған
Денсаулық сақтау басқармасы

Түркістанда тоғыз айлық сәби екі батарейка жұтып қойған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Денсаулық сақтау басқармасы дерегінше, Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық бала ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеріс барысында ол екі батарейка жұтып қойғаны анықталған.

Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бөгде заттың бірін алып шыққан. Ал екіншісі ішек жолына өтіп кеткендіктен, мамандар баланың жағдайын бақылауда ұстаған. Бірнеше күннен кейін ол табиғи жолмен шыққан.

"Отадан кейін бала үш тәулік бойы жансақтау бөлімінде ем алды, қазір жағдайы тұрақталды", - деді дәрігерлер.