Семинар мақсаты – БАҚ өкілдерінің сайлау заңдылықтарын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау.
Осы орайда аталған семинарға облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен сөз алған облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев ОСК тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ семинарда Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев БАҚ-да сайлауды ақпараттандыру жөніндегі заңдылықты сақтау бойынша баяндама жасап, журналистер қауымына сайлау науқанында БАҚ өкілдерінің ресми тіркелу мәселесін атап өтті.
– Еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси процесті БАҚ мұқият қарап, белсенді түрде ақпарат таратқаны дұрыс. Бұл тұрғыдан бірқатар редакциялардың белсенділігі орташа деңгейде қалып отыр. Сондай-ақ қоғам сұранысына орай жаңа медиа талабымен жұмыс жүргізу керек. Аудандық және облыстық БАҚ өкілдері сайлауға дейін 7 жұмыс күні бұрын жеке куәлігін және жұмыс жасайтын редакциясының сайлауға қатысты бағыттамасын алып, өздеріне тиісті сайлау комиссиясына барып аккредитациядан өтуі тиіс. Арнайы тіркеуден өткен тілшілер сайлау күні учаскелерден ақпарат тарата алады, – деді Б. Тәжібаев
Келесі кезекте сөз алған ақпараттық-талдау орталығының директоры Сейдулла Айкөзов сайлау тақырыбы жөнінде БАҚ-на шолу жасады.
Журналистер қауымы және әкімдік өкілдерінің еркін форматта өзара пікір алмасуынан соң ҚР Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай 28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткізілетін спартакиада туралы хабарлама жасады. Биыл жарысты 10 спорт түрі бойынша облыс және Шымкент қаласының журналистері бірлесе өткізуге келісті. Спартакиаданың ашылуы 14 маусым күні Түркістанда басталып, 22 маусым күні Шымкентте қорытындыланатын болады.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары М. Отарбаев елімізде маусым айында өтетін ҚР Президенттігіне сайлауға жергілікті тұрғындардың барынша қатысуын қамтамасыз ету және БАҚ-да заңдылықтарды қатаң сақтауға баршаны белсене қатысуға шақырды.
Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі