Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Облыстық полиция департаменті мәліметінше, жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілген. Жедел уәкілдер күдіктіні Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде ұстаған.
"Адам өлтіру дерегі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деп мәлімдеді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.
Оқиға кеше болды. Жергілікті басылымдар мәліметінше, әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген. Мұны Шиелі аудандық білім бөлімі растаған.