Түркістанда өндірілетін сүттің 95 пайызы Төле би ауданына тиесілі

Dalanews 23 қар. 2018 10:00 712

Түркістанда тұңғыш рет АГРОФЕСТ – 2018 ауыл шаруашылығы фестивалі ұйымдастырылды. 



«Есімхан» атындағы орталық алаңда өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен еңбек озаттары қатысты. Фестиваль аясында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, заманауи техникалар мен аграрлы саладағы жетістіктерді айшықтайтын ауылшаруашылығы көрмесі ұйымдастырылды.

Осынау ауыл шаруашылығы фестивалінде Төлеби ауданы облыс бойынша сүт өндіруден 1 орынға ие болып, марапатталды.


Төлеби ауданына «Сүт өндіруден озат аудан» және «Мақсары өндіруден озат аудан» номинациясы берілді.

Айта кетейік, биыл Төлеби ауданында 14 209 тоннадан астам мақсары мен 17 695 тонна сүт өндірілген. Төлеби ауданында өндірілген сүттің көлемі — Түркістан облысы бойынша 95% құрайды.

Мерекелік жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың жетістіктеріне тоқталды. Мәселен, биыл Түркістан облысы  ауылшаруашылық  саласы бойынша зор табыстарға жетіп,  республика бойынша 2 орынға шыққан. Сонымен қатар, көкөніс, бақша дақылдарынан да рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізген.

"Түркістан өңірінде өсірілген 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей мен Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталған. Сонымен қатар  1 миллион тонна бақша өнімі  еліміздің Солтүстік облыстарына жіберілген. Бұған жергілікті дихандар мен шаруалардың сіңірген еңбегі зор.  Сондықтан фестиваль аясында  осы салада белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген  шаруалар түрлі марапатттарға ие болды", – деді өңір басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар