Түркістанда келінінің бетін шанышқымен күйдірген әйел елден кешірім сұрады

Dalanews 21 шіл. 2021 07:45 1031

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында қайын апасы газды жумағаны үшін келінінің бетіне ыстық шанышқымен күйдіргені туралы ақпарат жарияланды.

40 жастағы Гүлзира Баударбекованың келін болып түскеннен бері осындай азап көріп келе жатқаны туралы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Гүлзира Баударбекованың есімді туғаннан ақыл-есінде ерекшелігі бар, мүгедектік алған. Ата-анасынан жастай жетім қалған. Оған қоса, күйеуі де мүгедек көрінеді.

"Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды. Кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы", - делінген желідегі жазбада.

Гүлзираның мұндай жағдайын сіңілісі көрген. Артынша ол жәбірленуші мен балаларын өзінің үйіне алып кеткен көрінеді. Оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция басқармасы түсініктеме берді.

“Түркістан облысының полицейлерімен желіге жарияланған жазба бірден назарға алынып, тиісті  шаралар атқарылуда.  Негізі бүгінгі  күнге дейін Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. Десе де бұл жайт ТО ПД бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлермен заң аясындағы тексеру жұмыстарының барлығы іске асырылуда. Қосымша хабарлайтын боламыз”, –деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда оқиғаның қай аймақта болғаны тексеріліп жатыр. Полиция оқиғаға қатысты шағым түспегенін алға тартады.

[video width="234" height="426" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/07/220773025_2112796495539248_3507751002659465205_n.mp4"][/video]

Бүгін келінінің бетіне шанышқы басқан Бағила Кәрібай видео жариялады. Оның сөзінше, мұндай әрекетке ашу үстінде барғанын айтты.

"Келініме шанышқы басқан кезде байқамай қалдым. Ыза-күйікпен, ашуланып істедім. Шешем газ плитаны жу деген екен, "неге соны жумайсың, жуа салмайсың ба?" дедім. Газ плитаға шанышқыны қалай қыздырып басқанымды өзім білмей қалдым. Қазақстан халқынан, көріп отырған көрерменнен кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды", - деді Бағила Кәрібай.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар