ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Жарбол Кентұлы 07 мам. 2025 17:26 492

Түркістан қаласында «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты фотокөрмесі өтті.

Шараға келген қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи жәдігерлерді көріп, ерлік пен отансүйгіштікке толы шежірелі кезеңдермен танысты. Көрменің мақсаты – ел үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігін насихаттау және жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру. Шараға ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің сарбаздары, қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №26 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.

Айта кетейік Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар