Түркістанда жалпы халықтық сенбілік өтті

Түркістанда жалпы халықтық сенбілік өтті
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы “Таза өлке” апталығында жалпықалалық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына 5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар мен түрлі мекемелер қызметкерлері бар.

Әсіресе қарапайым шаһар тұрғындары аса белсенділік танытуда. Сенбілікте саябақтар, скверлер, мекеме аулалары, көше бойлары, арық-атыздар тазаланды. Көшеттер егіліп, талдар әктелді. Арнайы 25 техника жұмылдырылды. Жалпы бүгінгі шарада жалпы 170 тонна қоқыс шығарылды.