Қазақстандағы ең жас миллионерлер белгілі болды: тізімде Назарбаевтың жиені де бар

Қазақстандағы ең жас миллионерлер белгілі болды: тізімде Назарбаевтың жиені де бар
Фото: uznayvse.ru

Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің жаңартылған рейтингін жариялады. Биылғы тізімге 44 жасқа толмаған бірнеше жас кәсіпкер енген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Рейтингтегі ең жас кәсіпкер — 35 жастағы Шахмұрат Мұтәліп. Integra Construction KZ компаниясының бенефициары алғаш рет Forbes тізіміне еніп, бірден 22-орынға жайғасқан. Оның байлығы 482 миллион доллар деп бағаланған.

Тізімге енгендердің қатарында 41 жастағы Нұрәлі Әлиев те бар. Forbes дерегінше, оның дәулеті 280 миллион долларға жеткен. Ол Дубайдағы Donatello Hotels and Resorts қонақүйлер желісіне және Алматыдағы Donatello бутик-қонақүйіне иелік етеді.

Жас миллионерлер қатарында 44 жастағы Айжан Есімнің есімі де аталды. Ол — Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің қызы. Оның байлығы 207 миллион доллар деп көрсетілген. Forbes мәліметінше, негізгі капитал "Қазфосфаттағы" үлесін сатудан түскен.

Сонымен қатар рейтингке Тимур Турлов, Ғалымжан Есенов, Алмаз Әлсенов, Айғазы Құсайынов және Асқар Байтасов енген.