Қазақстанның Тұңғыш президентінің немересі Нұрәлі Әлиев әжесі Сара Алпысқызы Назарбаева авторы әрі негізгі идеологы саналатын "Өзін-өзі тану" мектеп пәнін әрі қарай дамытуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Нұрәлі Әлиев сұхбаттарының бірінде айтып, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызын атап өтті.
"Өзін-өзі тану" пәні Қазақстандағы міндетті мектеп бағдарламасына 2010-2011 оқу жылында енгізілген.
Бағдарлама Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынып, оқушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік және ішкі үйлесімділікті қалыптастыруға бағытталған рухани-адамгершілік тәрбие курсы ретінде ұсынылған.
Алайда 2022 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті пәндер қатарынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Жарияланған бұйрыққа сәйкес, бағдарлама міндетті мәртебесінен айырылып, факультативтік сабақ форматына ауыстырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok желісінде белсенді түрде видео жариялай бастағанын жазған едік.