Түркістан қаласында екі бірдей Tesla Cybertruck көлігі байқалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қымбат көліктердің мемлекеттік нөмірлеріне қарағанда, олар Шымкент қаласындағы Мемлекеттік күзет қызметіне және Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі болуы мүмкін.
Glass_turan паблигі жариялаған видеода екі көліктің қала кіреберісіндегі алып Тайқазан мүсінінің жанынан өтіп бара жатқаны түсірілген.
Қазіргі уақытта өңірдің әкімшілік орталығында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер көшбасшыларының бейресми саммитіне дайындық жүріп жатыр. Іс-шара 13-15 мамыр аралығында өтеді.
Желі қолданушылары мұндай ерекше көліктердің қала көшелерінде пайда болуын алдағы халықаралық жиынмен байланыстырып отыр.