Түркістанда ауыл шаруашылығын дамытудың бірегей бағдарламасы әзірленді

Dalanews 08 қар. 2018 08:51 701

Осының негізінде егіс көлемі 798 мың гектардан 926 мың гектарға артады деп күтілуде.

Нәтижесінде, өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім 3 есеге артып, 842,7 млрд. теңгеге жететін болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 264,4 млрд. теңгені құраған.

2022 жылға қарай Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 2,5 есеге артады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында белгіленген міндеттердің үдесінен шығу мақсатында

«Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» әзірленді.


Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен басқосуда ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

«Өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 19 басым бағыты айқындалып отыр. Бұл жұмыстар егін, мал, қайта өңдеу салалары бойынша жүзеге асырылатын болады. Еңбек өнімділігі 2017 жылы 1,76 млн. теңгеге жеткен. Жоспар жүзеге асқанда көрсеткіш 2022 жылға қарай 4,4 млн. теңгеге артады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 482,3 млрд. теңгеден 1225,0 млрд.теңгеге ұлғаяды. Ал, агроөнеркәсіптік кешенінде өңделген өнім экспорты 231,5 млн. АҚШ долларынан 578,8 млн. АҚШ долларына жетеді», – деді Нұрбек Бадырақов.

Бағдарлама аясында егістік жерлерді тиімді пайдалану және әртараптандыру шаралары қолға алынбақ. Осының негізінде егіс көлемі 798 мың гектардан 926 мың гектарға артады деп күтілуде.

Нәтижесінде, өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім 3 есеге артып, 842,7 млрд. теңгеге жететін болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 264,4 млрд. теңгені құраған.

Жалпы облыста 8 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін қосымша сиымдылығы 105,0 мың бастық 26 жаңа мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланып отыр.


Бордақылау алаңдарын бұқашықтармен қамтамасыз ету үшін бүгінде 2 413 шаруашылық 103,6 мың баспен тұқымдық түрлендірілуде. Алдағы уақытта қосымша 3 000 шаруашылық ашылып, 150,0 мың бас аналық ірі қара мал сатып алынатын болады.

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы жауапты мамандарға аталған бағдарламаны негізге ала отырып, аудан, қалалардағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша аймақтық жоспар бекітуді, жоба аясында инвестиция тарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар