Түркістанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Ақтоты Жапатова 26 қыр. 2025 15:37

Түркістанда халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Бұл шара жергілікті тұрғындарға сапалы әрі арзан өнімдерді ұсынуға бағытталған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жәрмеңкеде өңір кәсіпкерлері белсене қатысып, қала тұрғындарына өз өнімдерін арзан бағаға ұсынуда. Мұндай жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға және халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындарын азайтуға ықпал етеді.

«Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтағы бағадан 30–50 пайызға төмен бағада сатылуда. Мұнда ет-сүт өнімдері және күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктер тұрғындарға тікелей өндірушілерден жеткізілуде. Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамту, сондай-ақ жергілікті шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей жеткізу», - деді «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева.

Жәрмеңке тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырып, көптеген азаматтар өздеріне қажетті сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алғандарына ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып, 3-қазан күні Сайрам және Отырар ауданы кәсіпкердерінің ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі «Бірлік» секторында ұйымдастырылмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар