Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қараша айына ел игілігіне берілмек. Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталып, пайдаланылуға тапсырылады.
Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы да халық игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, 900 орындық мектептің есігін жаңа оқу жылына дейін ашу жоспарлануда.
Жаңа облыс орталығы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік аймағында қазір жаңа әкімшілік ғимараты, басқармалар және департаменттер үйлері, сондай-ақ, 5 жұлдызды «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталып кетті.