Түркістанда 5 мыңға жуық мәдени қызметкер бар

Dalanews 07 жел. 2018 05:21 761

Бүгінгі таңда облыстағы мәдениет  саласында 5 мыңға жуық қызметкер абыройлы жұмыс атқарып келеді.

Ал халыққа 736 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етуде.

Аталған ұйымдардың қатысуымен өткен жылы  31 мыңнан аса іс-шаралар өткізілді.  Іс-шаралар негізінен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Жаһандық заманауи Қазақстандық мәдениет» бағыты бойынша облысымыздың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру мақсатында осы жылы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері мен «Қазына» би ансамблі  Түркия Республикасындағы «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына және халықаралық Наурыз мерекесіне қатысып, 6 мемлекетте өнер көрсетті.

Сонымен бірге, облысымыздың өнерпаздары Финляндияда өткен «Жұмбақ Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысты. Ал Италияның Пезаро қаласында өткен XV «Читта ди Пезоро» халықаралық вокалистер байқауында жас өнерпаздарымыз Карина Нажмеддинова және Нұрқанат Тапивтер І орынға ие болып, Италияда 1 жыл тегін оқуға шақырту алды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар