Түркістан тропикалық гүлзарға айналмақ

Dalanews 09 сәу. 2024 15:14 1103

Түркістанда “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” жобасы аясында тропикалық ағаштар егілді, деп хабарлайды Dalanews.kz  Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.



Түркістан қаласындағы белсенді демалыс саябағының ботаникалық бағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тропикалық өсімдіктер егілуде.
Белсенді демалыс саябағының жалпы аумағы – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы – 61 891,78 шаршы метрді құрайды.

Саябақтың аумағында орналасқан Ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналмақ. Айта кетейік, елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық гүлдер мен талдар өсіріледі. Арнайы жылыжай-ғимаратында жылыту жүйесінің арқасында саябақ жыл бойы жасыл болып тұрады. Саябаққа түрлі құстар, балықтар әкелінеді деген жоспар бар. Бүгінде талдар мен гүлдер егіліп, көгалдар төселген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар