Түркістан өңірінің мектептері «Bilimland» цифрлық білім беру ресурсымен қамтамасыз етілген

Dalanews 02 қар. 2018 12:10 668

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарына қабылдау mektep.sitcen.kz  порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Аталған жүйеде мектепке қабылдау конкурсын өткізу толық автоматтандырылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлім етті.

Айта кетерлігі, ата-ана өзінің баласын портал арқылы кез-келген дарынды балаларға арналған мектепке конкурсқа қатыстыра алады және порталдағы онлайн тестілеуден жоғары балл алған бала мектепке қабылданады.

Сонымен қатар, облыстағы мектептер «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдап бастап күні бүгінге дейін 594 000 сабақ қаралымы болды. Облыстық бюджеттен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында 1500 дана «Bilim Book» компьютер-планшет шалғай ауылдағы 195 мектепке таратылып, цифрлық білім беру ресурстарына интернетсіз қол жеткізуде.

Сондай-ақ, алдағы жылы Түркістан облысының білім саласында педагогтардың аттестациясын және олардың білім жетілдіру курстарынан өтуін автоматтандыру, білім ұйымдарындағы кітап қорын пайдалануды және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын автоматтандыру жүйелері жүзеге асады деп жоспарлануда.

Аталған жоба білім саласындағы сыбайластық заңбұзушылықты тоқтататуға үлкен серпін береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар