Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты.
«2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптің кешенді дамыту бағдарламасында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу үшін жер және су ресурстарын пайдалануды арттыру мақсатында түрлі шаралар кешенін ұсынды. Атап айтқанда, гидрология, топырақ және агроклиматтық жағдайларын жақсарту», - деді Өмірзақ Естайұлы.
Айта кетелік, облыс әкімі Ж.Түймебаев аймақтағы суармалы жерлер көлемі ұлғайтылып, жаңа бағыттағы жобалар бойынша дамытылып жатқандығын айтқан болатын. Айталық, өңірде өткен жылы 570,4 мың гектар суармалы жердің 498,2 мың гектары пайдаланылған.
Сондай-ақ, былтыр өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 522,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42 млрд. теңгеге артқан. Сондай-ақ озық технологияларды қолдануда Түркістан өңірі республикада көш бастап тұр. Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жылдан жылға қарқынды өсуде.
Түркістан облысының әкімдігі жергілікті шаруа қожалықтарының ұсыныстары да үнемі құлақ асуда. Шаруалар маусымда түрлі тыңайтқыштардың бағасын бақылауға алу керектігін және озық технологияларға сай алынатын жабдықтарға берілетін мемлекеттік қолдауларға өзгерістер енгізуі қажеттігін, сондай-ақ суармалы жерлерге судың керекті мөлшерде келуін қамтамасыз етуін айтуда.