Түркістан облысы Түлкібас ауданында өз анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктінің мүгедектігі бар екені белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, пышақ жарақаты бар егде жастағы әйелдің сүйегі өз үйінен табылған.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Марқұмның 40 жастағы ұлы күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз", - деп жазылған хабарламада.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.