Әлеуметтік желідегі заңбұзушылық салдарынан Түркістан облысының тұрғыны жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Түркістан облысында интернетте жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Tik Tok желісіндегі тікелей эфир кезінде әйел адам агрессивті мінез-құлық танытып, былапыт сөздер қолданған видеоны анықтады.
Тексеріс барысында полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтаған.
"Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Сот шешімімен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Түркістан облысының полициясы.