Түлкібас ауданында алтын барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан компанияға қатысты дау басылар емес, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қайыршақты ауылының тұрғындары жайылым аумағында қытайлық азаматтардың еңбек етіп жүргенін айтып, алаңдаушылық білдірді. "Жас алаш" редакциясына оқиға орнынан видео келген.
Видеода қытай азаматы көліктен түсіп, жергілікті тұрғынға қазақша түсінбейтінін ыммен түсіндірген. Жергілікті тұрғынның сөзінше, қытайлықтар өзен арнасын бұрған.