Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті жылды нәтижелі аяқтады

Dalanews 21 жел. 2018 08:35 884

Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті Тәуелсіздік күнін айтарлықтай жетістіктермен атап өтті.

Департаментке қарасты жергілікті әскери органдарының мамандарынан құрылған арнайы жасақталған топ республикалық оқу жаттығуларында үздіктер қатарынан көрінді және жұмылдыру, әскерге шақыру науқанын жоғары дәрежеде ұйымдастырды.

Жалпы, 2018 жылы республикада 20 мың азамат әскер қатарына шақырылса, соның 4000-нан астамы Түркістан облысының жігіттері. “Бұл шаралар жоғары деңгейде жүзеге асырылды” дейді департамент бастығы.

Отан алдындағы борышын өтеуге жастарды бейімдеу, саладағы өзге де шараларға жұмылдыру, күзгі, көктемгі науқандарды жоғары деңгейде ұйымдастырған әскерилер мерекеде арнайы марапатталды.

Жоғарыда аталған жұмыстарды үздік атқарған Шымкент, Сарыағаш және Арыс ауданы, қалалардың қорғаныс істері жөніндегі бөлім, жергілікті әскери органдары ерекше аталды.

Сондай-ақ, 5 аталым бойынша, Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызметі үшін» медалі қызметте қалтқысыз еңбек еткен мамандарға табысталды. Осы күні «Сыбайлас жемқорлықсыз армия» акциясы аясында әскерилерге түсініктемелер беріліп, нұсқаулар айтылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар