Түркістан облысының оқушылары республикалық олимпиадада топ жарды

Ақтоты Жапатова 16 мам. 2025 18:44 371

Түркістан облысының оқушылары профессор М.Өтелбаев атындағы 7-8 сыныптағыларға арналған математикадан республикалық «Ойлан тап» олимпиадасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Жамбыл облысы білім басқармасының «Жамбыл дарыны» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен.

Олимпиада - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдетіп, білім алушылардың қабілеттерін арттыруға бағытталған.

Жалпы Түркістан облысынан олимпиадаға барған 12 оқушының 7-і жүлделі орындармен оралды.

Олардың қатарында 1-орынға Омар Сарыбек мен Илияс Дінмухамедұлы ие болды. Жүлделі 3-орынға Ғайни Алиакбар, Бексұлтан Дүйсенбек, Батырбек Садуллаев, Дулат Мақсатұлы, Еркен Махмуд ие болды. Сондай-ақ, Шоқан Айдаров үздік білімі үшін арнайы мақтау қағазына ие болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар