Түркістан облысында таңғы жетіде басталған тойды мониторинг топ тарқатты. Қызын ұзатпақ болған ауыл тұрғыны үйінің ауласына 150 адам жинап алған екен.
Үй иесі мен ұйқыдан тұра сала тойға келген қонақтарға ірі мөлшерде айыппұл салынды.
Ал оқиға Қарабұлақ ауылында болған.
Таңғы жетіде қызын ұзатқысы келген ауыл тұрғыны ауласына 150 адамға дастархан жайып қойыпты. Қарабұлақ тұрғынының қулығы мониторинг тобының құлағына жеткен.
Той иесін ауласын айнала қоршаған биік қоршау да құтқара алмады.
Мобильдік топ төбеден дрон ұшырып, ұйқыдан тұра салып, тойға жиналған халықты тамақ ішіп отырған жерінен түсіріп алды.
Жегені желкесінен шыққан құдалар сарқыттың орнына айыппұл арқалап қайтты.
https://www.youtube.com/watch?v=RNIQXkDIdj0
https://dalanews.kz/aimak/66101-ar-restorannyng-aldyna-bir-bir-policey