Түркістан облысында судағы қауіпсіздік ережесін бұзғандарға 2,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Жарбол Кентұлы 05 қыр. 2025 10:24

Түркістан облысы аумағында жыл басынан түрлі жағдайларда 55 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның ішінде 25-і кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы баяндады.

– Түркістан облысы бойынша арнайы белгіленген орындарда 16 жағажай ресми түрде ашылды. Сондай-ақ, арнайы және ресми шомылуға арналған орындары жоқ елді мекендерде 233 модульді

2 каркасты бассейндер орнатылды. Сонымен қатар, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы БАҚ өкілдерімен бірігіп 673 шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда,

телеарнада – 45, әлеуметтік желіде – 108, газет-журналда– 284 мақала жарияланды. Жыл басынан 2525 рет рейд жұмыстары жүргізіліп,

нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 151 жеке тұлғаға – 2 078 062 теңге, 3 заңды тұлғаға және 3 кәсіпкерге – 235 920 теңге айыппұл салынды, – деді  спикер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар