Түркістан облысында саятшылық дамып келеді

Dalanews 02 қар. 2018 10:02 823

Түркістан облысында саятшылық жақсы дамып келеді. Біздің бұл сөзімізге жыл сайын дәстүрлі түрде саятшылық шарасы өтіп тұратыны айқын мысал болада алады.  

 

 

Мемлекет басшысы Назарбаевтың Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы  аясында Түркістан облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырғаны есімізде.  Шараның мақсаты – саятшылық, құсбегілік өнерді қайта жаңғырту. Мұнда қазақтың төл өнерін жанына серік еткен облыстағы жігіттер қауымы бақ сынады.  Сол жиында белгілі жазушы Мархабат Байғұт өз пікірін былайша айтқан еді.

– Саятшылық, аңшылық – бұл қазақтың қанға біткен төл өнері. Мұнда ердің – жігіттігі, батылдығы, ептілігі сынға түседі. Бүгінгі заманда біз осындай ұмыт бола бастаған, өскелең ұрпаққа үйретуге тиіс құндылықтарымызды жаңғыртып,

 

көрсетіп отыруымыз керек. Бұл – әрқайсымыздың парызымыз, – деп қарымды қаламгер өз ойын ортаға салған болатын. .

Бүркіт баптау мен құмай тазыларды аңшылыққа баулу, аңға салу қазақтың қанына біткен қасиеті екені рас. Ал оны жаңғыртып, болашақ ұрпаққа аманаттау ел ағалараны артылған міндет десек артық айтқандық болмас еді. Бұл ретте Түркістан облысының белгілі құсбегісі Жомарт Кеуенов пен саятшы Мұхтар Атахан өз кәсіптерінің қыр-сыры туралы жастарға кең мағлұмат беріп, қазақтың саятшылық дәстүріміз туралы жастардың  сұрақтарына жауап беруден жалыққан емес.

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар