Түркістан облысында референдум күні таңғы 7:00-ден бастап барлық қоғамдық көліктер халыққа ақысыз қызмет көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, облыс орталығында 194 қоғамдық көлік қала тұрғындарын тегін тасымалдауда. Жалпы облыста 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін азаматтар дауыс бере алады.
Айта кетейік, бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Референдум жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2-қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлімдеген болатын.