Түркістан облысының халықы кәсіпкерлік қызметтегі белсенділігі мен шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай туғызылғанына көп нәрсе байланысты. Оның үстіне өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтитындардың қатары жыл өткен сайын кеміп келеді. Бұл көрсеткіш республикада 9,7 пайыз болса, облыста 6,6 пайызды (23,7 мың адам) құрады. Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдарды ресімдеу көзделген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайы, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға тиімді. Осы және басқа да әлеуметтік-демографиялық факторлар агросектор саласындағы бизнесті ашуға және оны кеңейтуге мүмкіндік береді.
Өз ісін ашып, шаруасын одан әрі дөңгелеткісі келетіндердің оқу оқып, несие алып, жұмысын бастауына құқық берілген. Мысалы, бұл бағытта «Бастау Бизнес» жобасы жұмыс істейді. Түркістан облысында барлығы 1 500 адам оқып, сертификат алды. 205 кәсіпкер бағдарлама аясында шағын кредитке ие болс, өңірде 411 адам несиеге қол жеткізіп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Биылғы төртінші тоқсанда да 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 181 грант бөлінеді. «Даму» қорының (оның ішінде онлайн режимде), өңірлік кәсіпкерлік палатасының, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бағдарламалары арқылы кәсіпкерлік негіздерін тегін оқи алады.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде білімі жоқ, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға 2018 жылы барлығы 5 440 адамды оқыту жоспарланған.
Биылғы 1 қыркүйекке дейінгі көрсеткіш бойынша 5 111 талапкер қысқа мерзімді оқуларға жолданды. Оның 988-і фермерлік шаруашылық, 875-і шаштараз өнері мен сәндік косметика, 516-сы қоғамдық тамақтандыру, 307-сі дәнекерлеу ісі бойынша мамандығын таңдады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту өңірдегі 52 білім беру мекемесінде ұйымдастырылған. Оның 32-сі техникалық және кәсіптік лицейде, 20-сы оқу орталықтарында орналасқан. Кәсіптік оқыту негізінен өтініш берушілердің тұрғылықты жерінде қабылданады. Ал, басқа жақтан келетін талапкерлерге тұрғын үй үшін жамбаспұл қарастырылған.
Dalanews.kz